2022 жылғы 11 қараша күні Астана қаласының Сәкен Сейфуллин музейінде «Көшпелілер өркениеті: Ұлы қағандардың хаттары, жарлықтары» атты көне ұйғыр графикасымен жазылған құжаттардың көрмесі ашылды. Шараны өткізуге құснихат шебері, Моңғолия Мәдениет елшісі Эрдэнэхуяг Ариунболд келді. Көрменің ашылу салтанатына Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Доржийн Баярхүү, Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы, фиология ғылымдарының кадидаты, этнограф Ақеділ Тойшанұлы, ақын Несіпбек Айтұлы бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.