Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК «Ұлы Елім – рухты Қазақстан» тақырыбында «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауын қазан-қараша аралығында өткізіп, конкурс жеңімпаздары марапатталды.
Негізгі мақсаты – жаңа білім мен біліктілікті қалыптастыру үрдісінде сабаққа қойылатын талаптарды сақтап, сабақ жоспарын жүйелей білетін және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолданып жүрген ақпараттық мәдениеті жоғары деңгейдегі педагогтарды қолдау.