Елорданың үздік сабақтар жинағы
«Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК қарасты «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені «Киелі Атамекенім» тақырыбында «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауын өткізді. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін көтеру, шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Мәдениет басқармасының қолдауымен өтетін шараға жыл сайын мұғалімдердің қызығушылығы артып келеді. 10 жылдан астам уақыт өткізіліп келе жатқан байқауға жыл сайын 100-ге жуық мұғалім қатысуға өтініш білдірді.
Ұйымдастыру комитеті «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауының қорытындысын талдай отырып, әр мұғалімнің кәсіби біліктілігін тәжірибеде қолдану мақсатында, қатысушы ұстаздардың жұмыстарын «Елорданың үздік сабақтар жинағы» атты журналда жариялау туралы шешім қабылдады.