Hовости Алашқа ортақ тұлға
Алашқа ортақ тұлға
Алашқа ортақ тұлға

  

    21 қараша күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Малиновка» іздестіру тобымен бірлесіп белгілі этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай «Алашқа ортақ тұлға» атты іс-шара ұйымдастырды. Директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев кіріспе сөз сөйлеп, ғалымның кітап көрмесін ашты. ​ Сәкен Сейфуллин музейі директорының орынбасары, ақын, жазушы Несіпбек Айт оқушыларға Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығы ​ туралы баяндады.

   

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі және журналистер одағының мүшесі, этнограф Серік Оспанов Несіпбек Айтұлының сөзіне және Ақселеу Сейдімбектің әніне жазылған «Сарыарқа» және «Дәурен-ай» әндерін орындады.

   

«Малиновка» іздестіру тобының мүшелері – Ақмол ауылы орта білім беретін мектебі 10 «ә» сыныбының оқушылары ​ Жұлдыз Арыстанбек, Жанель Қайролла, Жанай Советбек, Ерасыл Баймұрат және Айғаным Төлеуова ғалымның ​ нақыл сөздерін жатқа айтты.

Целиноград аудандық мәдениет үйінің әншілері Еркебұлан Қасымов ​ Ақселеу Сейдімбектің «Алтын асық» әнін, Жалғас Сұлтан, Жеменей Бораш ​ және ​ Жаксыкелді Маясаров халық ​ әндерін орындады.

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім