1984 жылы Сәкен Сейфуллиннің 90 жылдығын атап өту мерекесі қарсаныңда, қазақ елінің бір топ зиялы өкілі Сәкеннің мұражайы ашуға ұсыныс білдіреді. Араға 4 жыл салып, 1988 жылы Сәкен Сейфуллиннің Ақмола қаласында мұражайы ашылған еді.
Бұл мұражай – ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинге арналған бірден-бір тарихи ескерткіш болып саналады. Бүгінде мұражайға келген келушілер Сәкеннің барлық өмірімен, сан қырлы, сан салалы шалқар шығармашылығымен, ұланғайыр еңбегімен таныса алады.