Hовости 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

     

     2022 жылғы 31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай мұражай аумағында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының Мемориалына гүл шоғын қою рәсімі өтті. Гүл шоғы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының, Нұр-Сұлтан қаласы жұртшылық өкілдері мен саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының және  Ақмола облысы әкімдігінің атынан қойылды. Іс-шара барысында бір минут үнсіздік жарияланды. Зерде қабырғасында репрессия құрбандарының ұрпақтары –  «АЛЖИР» тұтқыны Клавдия Васильевна Августинның шөбересі Ольга Юрьевна Гротова және Әділет халық комиссары, ҚАКСР прокуроры, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған  Жанайдар Сәдуақасовтың немересі Перизат Құрманқызы Сәдуақас және т.б. сөз сөйледі. Әруақтар рухына құран бағышталды.

    

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім