✔еліміздегі жалғыз ашық аспан астындағы орналасқан этно-мемориалдық кешен.
✔әлем бойынша жер көлемімен тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның дархан даласын алақанға сыйдырған кешен.
✔ 17 облыстың және еліміздің бас қалалары Астана, Алматы және Шымкент қалаларының көрнекті ғимараттарын және әсем табиғатын көрсете алатын миниатюралық саябақ.
✔30 минутта Қазақ жерінің тарихи, мәдени, сәулет игіліктерімен танысып, тамашалап қайтуға болады.
✔ жылдан-жылға сапалы макет саны көбейтіліп, қалпына келтіру жұмысынан (реставрация) өтіп отырады.
✔ барлық табиғи ерекшелік, ландшафтар, сәулет өнері көрсетілген. Ең негізгісі – бұл тарихи және мәдени ескерткіштер.