Поэзия – қасиетті ұғым. Поэзия – сезім патшалығы. Сол патшалықтың қақпасынан ақындар ғана еркін кіріп, оның гүлденіп, дамуына барын салады.
ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы сессиясында 21 наурызда Дүниежүзілік поэзия күнін атап өтуге шешім қабылданған болатын. Дүниежүзілік Поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде атап өтілді.
Бұл тілдік сан алуандылықты мадақтау, ауызша шығармашылық пен поэзияны бүкіл әлемдегі бірлестіктер мен олардың ішінде тарату арқылы жоғалып бара жатқан тілдерді қолдау күні болып табылады. Бұл ұлттық, өңірлік және халықаралық поэтикалық қозғалыстарды тану уақыты.