Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады.
Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның халық арасында жиі танылған «Адай», «Балбырауын»,«Балқаймақ», «Ақсақ киік» сияқты күйлері туған жерге деген сүйіспеншілігін және сол кездегі тарихи оқиғаларды бейнелеуге тырысқан.