2018 жылдың 3 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бейбітшілік пен дамуды ілгерілетудегі білімнің маңызды рөлін мойындап, 24 қаңтарды Халықаралық білім күні деп жариялады.
Білім – адам құқығы, қоғамдық игілік және қоғамдық жауапкершілік.. . Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артады. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі.