Hовости 21 наурыз – «Наурыз» мейрамы
21 наурыз – «Наурыз» мейрамы
21 наурыз – «Наурыз» мейрамы

     

      Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Жыл басы, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында киіз үйде отырып ақ тілек тілеп, Наурыз көжеден дәм татып, кішіге өнеге көрсету қашаннан келе жатқан ұлттық болмысты айқындайтын бір белгі сияқты. Наурыз мерекесі тек қана тарихымызда зор орын алып қана қоймай, құт-береке алып келетін ұлы мереке!
      Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім