Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.
Жастар - асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!» – деп жазушы Мағжан Жұмабаев жастарға зор сенім артқан еді. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екендігін дәлелдеуде.