Hовости «Қазақ әншісі Күләш Байсейітованың туғанына 110 жыл»
«Қазақ әншісі Күләш Байсейітованың туғанына 110 жыл»
«Қазақ әншісі Күләш Байсейітованың туғанына 110 жыл»

                                                          

       Күләш Жасынқызы Байсейітова (1912-1957 жж.) - кеңестік, қазақ опера әншісі, драмалық актриса. II дәрежелі екі Сталиндік сыйлықтың лауреаты (1948ж., 1949ж.). Ленин орденінің кавалері (1945 ж.). КСРО халық әртісі (1936ж.).

       Оның табиғи талантының қалыптасуына, музыкаға құмарлығына әкесі Жасынның ықпалдығы зор болды. Оның табиғи музыкалық қабілеті ерте байқалды.

 1925-1928 жылдары Ағарту институтының Алматы педагогикалық техникумында оқыды, көркемөнерпаздардың музыкалық қойылымдарына қатысты.

       1930 жылы Қазақ драма театрының (қазіргі М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) студиясына оқуға түседі. Актерлік және музыкалық сауаттылықты зерделей отырып, ол театрда шағын эпизодтық рөлдерді, көп ұзамай басты рөлдерді сомдады.

       Күләш сахна үшін жаралған, ол өз кейіпкерлерінің рухани әлеміне нәзік үңіліп, оны көрерменге жеткізе білген.

      1933 жылы Музыкалық театрдың (қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театры) труппасына қабылданып, өмірінің соңына дейін өнер көрсетті.

   Әншінің музыкалық-сахналық дарыны «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясында Айман бейнесін сомдаудан айқын көрінді. Музыкалық драмадағы Шұға бейнесі әншінің шеберлігінің артқанын, Жібек рөлі әншінің классикалық опера өнерінің биігіне көтерілуіне мүмкіндік берді.

   Күләштің ең көрнекті туындыларының бірі – М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсындағы Сара рөлі.

      Күләш Байсейітова жан-жақты талантын, орындаушылық ерекшелігін танытты. Оның есімі бүкіл Одақ көлемінде ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал болды.

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім