13 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы бастау алды.
«Киелі мекен» апталығы аясында «Отан қорғаушылар» мемориалды кешені аумағында «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» қызметкерлері санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.