Заң және Тәртіп – Әділетті Қазақстанды құрудың негізі
Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және Тәртіп» стратегиялық бағыты мемлекеттік саясаттың негізін қалыптастырып, қоғамдық дамудың бағытын айқындайды. Сөз заң – адам құқықтары мен бостандықтарын әділ қамтамасыз етудің кепілі болатын жүйе туралы...
Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және Тәртіп» стратегиялық бағыты мемлекеттік саясаттың негізін қалыптастырып, қоғамдық дамудың векторын айқындайды. Бұл – заң адам құқықтары мен бостандықтарының әділ қамтамасыз етілуінің кепілі, ал тәртіп азаматтардың мемлекетке деген сенімі мен олардың өзара жауапкершілігінің нәтижесі болатын жүйе туралы.
Белгіленген бағдарларды іске асыруда заңдылықтың сақшысы және мемлекеттік нарративті қоғамға жеткізуші конституциялық орган ретінде прокуратураға белсенді рөл жүктелген. Тұжырымдаманы іске асыру қадамдары, прокуратураның рөлі және құқықтық мәдениеттің маңызы туралы Бас прокурор Берік Асылов әңгімелеп берді.
– Берік Ноғайұлы, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының өзегі неде? Сіздіңше, бұл, шын мәнінде, қоғамдық сенімнің жаңа жүйесі ме? Прокуратура тек құқықтық ғана емес, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуде қандай рөл атқарады?
– Дұрыс айтасыз, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы – Әділетті Қазақстанның идеологиялық платформасы. Ол біздің Конституциямыздың мәнін көрсетеді, онда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық деп танылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «құқық – ізгілік пен әділеттілік өнері» деген қанатты сөздің терең мағынасын атап өтіп, «заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет» деп атап көрсетеді.
Менің ойымша, бұл идеологема қоғамдық мұраттардың, әсіресе мәдени-адамгершілік, имандылық-этикалық, отбасылық-тұрмыстық, рухани-діни мұраттардың және, әрине, еңбек ету, денсаулықты сақтау, білім алу құқығы сияқты конституциялық кепілдіктердің мызғымастығын сақтауды көздейді. Материалдық игіліктерді, меншікті қорғауды, кәсіпкерлік қызмет еркіндігін де есептен шығаруға болмайды. Қоршаған ортаға және табиғи байлыққа ұқыпты қарау қажет.
Сондықтан «Заң және Тәртіп» – жай ғана құқықтық санаттар емес, біздің қоғамымыздың тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін айқындайтын өмірлік бағдарлар. Осы қағидаттарды ілгерілету үшін биыл Үкімет алдағы бес жылға арналған тиісті Тұжырымдаманы бекітті. Оның мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын нығайту, олардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысуы, заң бұзушылыққа қарсы тұрақты қоғамдық иммунитетті қалыптастыру.
Прокуратура – осы жұмыстың негізгі қатысушысы және үйлестірушісі. Заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын кешенді енгізуді біз мүдделі органдар мен ұйымдармен бірлесіп, Президент Әкімшілігінің жетекшілігімен үйлестіру шаралары жүйесі, цифрлық шешімдерді дамыту, болжамдық-талдамалық қызметте жасанды интеллектті пайдалану және халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы арқылы жүзеге асырамыз. Біздің барлық қызметіміз құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуға және мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін іске асыруға бағытталған. Ең алдымен бұл – адамның конституциялық құқықтарын, заңға бағынатын бизнес пен мемлекеттің мүдделерін қорғау.
Азаматтардың, әсіресе балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің жақсы мысалдары бар. Тек биыл біздің актілеріміз бойынша 28 мың баланың пайдасына 22 миллиард теңге алимент берешегі өтелді. 366 балалар үйінің түлегі және халықтың әлеуметтік осал топтарынан 108 адам пәтер алды. 2,3 мың жұмыскердің алдындағы 2,2 миллиард теңге жалақы берешегі өндіріп алынды.
Президент тапсырмасы шеңберінде Түркия, Катар, Корея, ҚХР және басқа да елдерден келген 1 300-ден астам инвесторға көмек көрсеттік. Олардың экономикаға қосқан үлесі – 17 триллион теңге. Қазір прокурорлардың назарында мыңнан астам инвестициялық жоба бар, бұл ретте басымдық – отандық өндірушілерді қолдауға берілген.
Уақтылы көмек пен проблемаларды шешудің арқасында кәсіпкерлер жаңа өндірісті қалпына келтіріп, іске қоса алды, бұл 14 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және 4,5 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік берді. Прокуратура мемлекетке қайтарған заңсыз олжаланған активтер есебінен мектептерді, ауруханаларды, спорт кешендерін қоса алғанда, 333 әлеуметтік объект салынып жатыр. Бұл осы ресурстардың қоғам игілігі үшін қалай жұмыс істейтінінің мысалы.
Сонымен қатар біз адамның мемлекеттік қолдауға саналы түрде үміт артып, еңбектен бас тартатын немесе өзіне қорғауға мұқтаж деген жалған мәртебе жасайтын бейімтал көзқарас көріністерінің жолын кесеміз.
Заң мүмкіндіктер береді, бірақ ол міндеттерді орындауды да талап етеді, оның ішінде құқықтық тәртіпті сақтауды, өзге тұлғалардың мүдделерін құрметтеуді. Мемлекет өзін-өзі іске асыруға, кәсіпкерлікке, білім алуға, кәсіби өсуге жағдай жасайды. Сондықтан бейімталдық әлеуметтік әділдікке нұқсан келтіреді, жалған бағдарларды қалыптастырады және шынымен де әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарды оған қол жеткізу мүмкіндігінен айырады.
Жауапты мінез-құлық – тек талап етуге ғана емес, ортақ игілікке үлес қосуға да дайын болу. Әркім өзінің дамуы, отбасы, еңбегі, заңды сақтауы үшін жеке жауапкершілікті сезінетін қоғамда ғана тұрақты әрі әділ болашақ мүмкін.
Жалпы, біз қоғамда заң – қорқыныш пен айла-шарғы механизмі емес, әділдік құралы деген түсінік қалыптасуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Адам заңды өзінің қорғанышы, өз болмысының бір бөлігі ретінде қабылдаса, ол оны ешқашан бұзбайды.
– Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеті жоғары азаматтық қоғамды қалыптастыру үдерісі тек жүйелі шаралар мен идеологиялық жұмыс негізінде құрылады. Бұл іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын және прокуратура қандай үлес қосатынын айтып өтсеңіз...
– «Табиғат бос орынды көтермейді» деген сөз бар. Бұл сөз құқықтық санада да бос орын болмауы тиіс дегенді білдіреді. Қоғамда не дұрыс, не бұрыс екені туралы түсінік болмаса, вакуум пайда болады, оны қоғамға жат ниет толтыруы мүмкін. Сондықтан заңды құрметтеуге тәрбиелеу мемлекеттік саясаттың және жалпыұлттық идеяның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Әрбір табысты мемлекет тәрбие қағидаларын және мінез-құлық нормаларын қалыптастыратын белгілі бір құндылықтар жүйесіне сүйенеді.
Идеология қоғамға әділдік, тәртіп және даму мәселелерінде бір тілде сөйлеуге көмектеседі. Заңды құрметтеу, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі сіңіріледі, сондай-ақ азаматтардың идеялық бірлігі нығаяды.
Біздің елімізде қазақстандық азаматтың – саналы, жауапты, адал, білікті жаңа бейнесінің адамгершілік-имандылық негізі қалыптасып жатыр. Бұл – «Адал азамат» тұжырымдамасының мұраттары.
Мұндай негіздің балалық шақта қаланатынын, отбасында, мектепте қалыптасатынын және адамның бүкіл саналы өмірінде тамыр жаятынын бәрі түсінеді. Басты мәселе – заңдылық пен құқықтық тәртіп культінің жақтаушылары болатын жастардың жаңа типін қалыптастыру үшін ерте жастан негіз қалау.
Осыдан шыға отырып, біз мектеп оқушылары мен студенттердің құқықтық сана деңгейін арттыруға назар аударудамыз. «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында біз барлық өңірде жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті тәрбиелеуге, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған жүздеген іс-шара өткіздік.
Мемлекет басшысы біздің мектептерде отставкадағы судьялар мен құқық қорғау органдарының зейнеткерлерінің қатысуымен «құқықтық сағат» өткізу бастамамызды қолдады. Мысалы, Талғар ауданында үш колледж бен 20 мектепте 7-ден 10-сыныпқа дейін құқықтық білім беру жобасы іске қосылды. Біз мұндай тәсілді бүкіл ел бойынша кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Балалардың назарын үлгілі мінез-құлықтың артықшылықтарына аудару үшін біз іс-шаралардың кең спектрін қолданамыз. Тақырыптық дәрістер өткіземіз, үйірмелер ашамыз, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырамыз. Мәселен, Астанада 100 мектептің оқушылары арасында «Заң және балалар: қателіксіз болашақ» театрландырылған қойылымдар байқауы өтті. Балалар құқық, жауапкершілік және әр адамның алдында тұрған таңдау туралы айтты. Алматы облысында 170 мектепте «Жас прокурор көмекшісі» клубтары ашылды.
Сонымен бірге біздің бастамамыз бойынша Алматыда Tele2/Altel компаниясы алғашқы балалар картасы Sim-Kids-ті шығарды, ол баланы интернеттегі заңсыз контенттен, оның ішінде суицидті, есірткіні насихаттау, буллинг сияқты контенттен қорғауға мүмкіндік береді. Ата-аналар баланың орналасқан жерін анықтай алады, баланың айналасында болып жатқан жағдайды тыңдай алады, мессенджерлердегі жазысқанын көре алады, бала қандай қосымшаларда уақыт өткізетінін бақылай алады, құрылғыда үнсіз режим қосылған кезде де қоңырау шала алады. Жақында SIM-карта барлығына қолжетімді болады.
Қазақстандық жастардың заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға белсенді қатысып жатқанын атап өткім келеді. Мысалы, Абай облысында студенттер – болашақ заңгерлер Семей мектеп оқушыларымен 5-тен 10-сыныпқа дейін буллингтің, нашақорлықтың және бопсалаудың алдын алу бойынша кездесулер өткізген жоба жүзеге асырылуда. Іс-шараға арналған материалдарды прокурорлар өз тексерулерінің қорытындысы бойынша ұсынды.
Біз елдің университеттерімен 40 меморандумға қол қойдық. Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен және оқытушыларымен патриотизмді тәрбиелеу және қоғамға қызмет ету мәселелерін ашық диалог форматында талқыладық.
Шымкентте «Таңда! Өзгер! Жасампаз бол!» республикалық форумын өткіздік, онда оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы түсіндірілді, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз әрі пайдалы жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері қозғалды. Әрбір осындай қадам мен әрбір идея «Заң және Тәртіп» идеологиясының қоғамдық санаға, әсіресе жас ұрпақ арасында енуін тереңдететініне сенімдімін.
– Қылмысқа қарсы күрес құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты өзекті тақырып болып қала береді. Бұл – прокуратура үйлестіретін бүкіл құқық қорғау блогының міндеті. Жетістіктеріңізбен бөліссеңіз...
– Үйлестіру шаралары криминогендік ахуалды тұрақтандыру міндеттерін кешенді шешуге мүмкіндік береді. Бұрын айтып өткенімдей, көптен бері алғаш рет қылмыстың тұрақты төмендеуі тіркелді. Іс жүзінде барлық зорлық-зомбылық қылмыстары азайды, яғни біздің елде өмір сүру әлдеқайда қауіпсіз болды. Бұл – барлық мемлекеттік органдардың, азаматтардың және ұйымдардың жүйелі әрі кешенді жұмысының нәтижесі.
Жақсарғанын шетелдік сарапшылар да атап өтуде. 2024 жылғы Жаһандық бейбітшілік индексінің деректері бойынша Қазақстан Еуразия өңіріндегі ең бейбіт ел деп танылды. Демек, біз дұрыс бағытта қозғалудамыз.
Алайда бүгінде бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан да киберқылмыстың жаһандық өсуіне тап болып отыр. Қылмыстың жаңа түрлерімен күрестің өзекті мәселелерін біз үйлестіру кеңестерінде үнемі қарастырамыз, оларға қарсы іс-қимыл тәсілдері мен әдістерін әзірлейміз, тек күштік блоктың ғана емес, өзге де мүдделі органдар мен шетелдік әріптестердің үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеміз.
Барлық ұсынымдар бірлескен шешімдер мен құжаттарда бекітіледі және біз олардың ахуалдың өзгеруіне әсерін көріп отырмыз. Мысалы, біз болжамдық-талдамалық функциясы бар IT-технологияларды барынша кеңінен қолдана бастадық және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені енгізудеміз.
Есірткі бизнесімен күрес мақсатында бірқатар инновациялық әдісті сынақтан өткіздік. Қазірдің өзінде газ хроматографының көмегімен ауа ағындары бойынша, сондай-ақ сынамаларды талдау арқылы ағынды сулардан нарколабораторияларды анықтап жатырмыз.
Интернет-наркодүкендер Telegram-арналарды, QR-кодтарды, онлайн-аударымдарды пайдаланатыны жасырын емес. Сондықтан ең алдымен олардың қаржы ағындарын әлсіретеміз. Биыл 20 мыңнан астам дроппер шоты және 2,4 миллиард теңгенің нашақорлықтан түскен табысы бұғатталды.
Прекурсорларды бақылау бойынша шетелдік тәжірибені зерделеудеміз. Биылдан бастап АҚШ пен Литва тәжірибесі бойынша Құқықтық статистика комитеті базасында прекурсорлардың әкелінуі мен ішкі айналымы туралы мәліметтерді жинау және талдау жөніндегі Таргетинг-орталықтың жұмысын пилоттық режимде жүргізіп жатырмыз. Мұндай тәсіл химиялық прекурсорларды толық бақылауды қамтамасыз етеді, оларды кім және қалай пайдаланатынын көріп отырамыз.
Жаңа құралдарды киберқылмыспен күресте де қолданамыз. Атап айтқанда, SIP-телефониямен күресіп, шетелден анонимді қоңырау шалуға мүмкіндік беретін SIM-бокстарды жоямыз. Киберқылмыстық топтарды әшкерелеу, қылмыскерлердің пайдалануына өз банк карталарын беретін дропперлерді, сондай-ақ ұрлыққа көмектесетін қаржы ұйымдарының қызметкерлерін, байланыс операторларын және халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО) қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тарту әдістемесін әзірледік.
Тек екі жылда ғана прокуратураның үйлестіруімен біздің азаматтарымызды алдаған он халықаралық қылмыстық call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық деңгейде жәбірленушілердің қорғалуын күшейтіп, тергеу тәжірибесін қалыптастырудамыз.
Өткен жылы қабылданған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңға түзетулерді ескере отырып, тергеу кезеңіне 2,5 мың жәбірленушінің 3,4 миллиард теңгеден астам сомаға несиелерін өндіріп алу тоқтатылды. Қылмыстық іс болмаса, банктерде алаяқтық несиелерді «мұздатуға» негіз жоқ екенін атап өтемін, сондықтан алаяқтықтың әрбір фактісін тіркейміз. Басты мәселе – жәбірленушілерге залалды өтеу, қаржы ұйымдарын тәртіпке шақыру және жазаның бұлтартпаулығын қамтамасыз ету.
Қосымша қорғау шаралары енгізілуде. Байланыс операторларының базалары Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен интеграцияланады, ол жалған қоңырауларды да ескере отырып, алаяқтық транзакцияларды бұғаттайды. Бір адамға тіркелетін SIM-карталар санына шектеу енгізіледі, несиелер тек 24 сағат өткеннен кейін, яғни «салқындату кезеңінен» кейін ғана беріледі, осы саладағы бұзушылықтар үшін банктер мен байланыс операторларының жауапкершілігі күшейтіледі.
Үйлестіру кеңестерінің форматы статикалық емес екенін, ол қоғамның сұраныстары мен халықтың азаматтық ұстанымын білдіруге, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысуға деген қажеттілігіне қарай өзгеріп отыратынын бөлек атап өткім келеді. Азаматтарымыздың қоғамға жат құбылыстардың алдын алу мәселелеріне деген мұндай саналы, бейжай қарамайтын көзқарасын құптап, ынталандырамыз.
Жуырда барлық өңірде үйлестіру кеңестері алаңында «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында қоғамдастықтың, бизнес-қауымдастықтың және жасөспірімдердің қатысуымен форумдар өткізілді. Оқушылар бірқатар қызықты жобаларын таныстырды. Мысалы, Шымкент оқушылары саңыраулар мен көру қабілеті нашар адамдарға қарым-қатынас жасау және қауіпсіз жүріп-тұру үшін көмек көрсету жүйелерін жасады, ал Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының оқушылары мектептердегі қақтығыстар мен буллингтің алдын алу жобаларын көрсетті. Біз жастардың осындай бастамаларына әрдайым мүдделіміз және оларды қолдауды, сөз жоқ, жалғастырамыз.
– Қылмысқа қарсы күресте заманауи технологиялар кеңінен қолданылатынын атап өттіңіз. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде цифрландырудың рөлі қандай?
– Заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, біз жаңа қылмыстық қатерлердің алдын алу және оларға уақтылы әрекет ету жөніндегі үйлестіру шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ алдын алу прокурорлық қадағалауды күшейту үшін үнемі шығармашылық шешімдер іздестіреміз.
Барлық цифрлық технологиялар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты талдау негізінде әлеуетті қауіпті құбылыстарды ерте болжауға бағытталған. Бізде бірқатар бірегей ақпараттық-талдамалық жүйе бар.
Біз іздестіріліп жатқан тұлғаларды анықтауға және ұстауға көмектесетін КИРЕБ ақпараттық жүйесін іске қостық. Жүйе іздестіріліп жатқан тұлғалардың цифрлық іздерін мемлекеттік органдардың түрлі базалары мен бейнебақылау камералары бойынша өзі іздейді. Олар камералардың назарына түсісімен немесе мемлекеттік қызметтерге жүгінісімен, оларды ұстаймыз.
Жыл басынан бері іздестіріліп жатқан тұлғалар саны 2,5 мыңға азайды.
Көшелерде және ашық жерлерде құқық бұзушылықтарды анықтау үшін КИРЕБ жүйесіне қосылған дрондарды пайдаланамыз. Мысалы, Абай облысының прокуратурасы дронның көмегімен жер қойнауын заңсыз өндіру фактісін анықтады. Кінәлілер жауапқа тартылды.
КИРЕБ базасында қылмыстық-атқару жүйесінде жасанды интеллект элементтері қолданылады. Пробациядағы сотталғандарды бейнекамералар арқылы мониторингілеу бойынша эксперимент жүргізілуде. Есепте тұрған адам жүріп-тұру мен қоғамдық орындарда болуға қойылған шектеулерді сақтамаса, жүйе сигнал береді. Бұл бұзушылыққа уақтылы әрекет етуге мүмкіндік береді.
Біздің бастамамыз бойынша есепте тұрғандар туралы мәліметтер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Отбасының цифрлық картасы» платформасымен интеграцияланған. Бағдарлама белгілі бір көмекті қай мемлекеттік орган көрсетуі керек екенін өзі анықтайды. Осы форматта 200-ден астам қызмет көрсетілді. Жоба бірқатар өңірде жұмыс істеп тұр. Біздің цифрландыру тәжірибеміз Қырғызстан, Молдова, Ресей, Өзбекстандағы шетелдік әріптестерде үлкен қызығушылық тудыруда.
– Әңгімемізді қорытындылай келе, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін бәрібір не бастапқы: азаматтардың құқықтық санасы ма, әлде институттар мен заңдардың тиімділігі ме деп сұрағым келеді.
– Жақсы сұрақ. Мен сенімдімін: «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы – мемлекеттің күші үкімдер санымен емес, адамдардың сенімімен өлшенетін болашаққа апаратын жол. Сонымен қатар қоғамдық сана қолдамаса, ешбір заң жұмыс істемейді. Сондықтан бірі екіншісінсіз дамымайды.
Қайталап айтайын, заңды сақтау жазадан қорқудың реакциясы емес, әрбір адамның ішкі сенімі болуына ұмтылу керек. Заңды ерекшеліксіз барлығы сақтағанда, қоғамда әділдік пен қорғалғандық сезімі пайда болады. Бұл ретте әркім кез келген бұзушылыққа барабар әрекет етіп, оларға нөлдік төзімділік көрсетуі тиіс. Өйткені азамат болу – тек құқық емес, міндет те.
Заңдылық жан-жақты болуы тиіс, ал құқықтық сана – табиғи қазына болуы тиіс екенін тағы бір рет атап өтемін. Иә, бұған апаратын жол оңай емес. Көп іс тындырылды. Конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғау институттарын нығайтты.
Конституциялық сот құрылды, прокуратураның құқық қорғау әлеуеті күшейтілді, адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілді және оның өкілеттіктері кеңейтілді.
Биылғы шілдеден бастап кассациялық соттар жұмысын бастайды. Бұл жоғары сот инстанцияларында сот төрелігінің қолжетімділігін едәуір кеңейтеді. Алқабилер қатысатын соттарға жатқызылған қылмыстық істер тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтілуде.
Прокуратура да трансформация жолында – тек құқық қолдану тәсілдерінде ғана емес, қоғаммен өзара іс-қимылда да. Біз кері байланыс тетіктерін кеңейттік, тек әрекет етуге ғана емес, құқық бұзушылықтардың алдын алуға назар аудардық. Диалогқа ашық азаматтарға алғыс білдіреміз. Бұл – қоғамның кемелдігі.
Жалпы, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға әрбір азамат, әрбір ұйым, бүкіл мемлекеттік аппарат тартылуы тиіс. Әрбір қадамымызды күшті институттары бар, жауапты азаматтардан тұратын құқықтық мемлекет құруға салынған инвестиция ретінде қабылдау керек.
Сондықтан әлі көп іс атқарылуы тиіс. Мұндағы басты нәрсе – іс-қимыл бірлігі, ортақ көзқарас және өзара жауапкершілік. Біз бұл жұмысты табандылықпен және жүйелі түрде жалғастыра береміз.
Сұхбаттасқан Нұрәли Мансуров