Мазмұнға өту

27.10.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

Жас ақындармен кездесу

24 қазанда Біріктірілген мұражайлар дирекциясының шақыруымен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан құрылған, ақын Серікзат Дүйсенғазы жетекшілік ететін «Топжарған» жас ақындар клубының мүшелері келді.

24 қазанда Біріктірілген мұражайлар дирекциясының шақыруымен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан құрылған, ақын Серікзат Дүйсенғазы жетекшілік ететін «Топжарған» жас ақындар клубының мүшелері келді. Бұл кездесу Республика күніне орайластырылып, сөздің қуаты мен әсерін ұғынатын жас ақындарды біріктірді. Таланты жастарды қолдау аясында оларға ұлы ақын Сәкен Сейфуллинге арналған «Сырсандық» атты 9 томдық кітаптар сериясы табыс етілді.