Мазмұнға өту

14.06.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

Дүниежүзілік қан донорлары күні

Жыл сайын 14 маусымда әлемнің барлық елдері Дүниежүзілік қан донорлары күнін атап өтеді.

Жыл сайын 14 маусымда әлемнің барлық елдері Дүниежүзілік қан донорлары күнін атап өтеді. Бұл оқиға қоғамның назарын адамзаттың қауіпсіз қанға және оның өнімдеріне қажеттілігі мәселесіне аудару үшін, сондай-ақ қан тапсыру арқылы адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесетін қан донорларына алғыс білдіру үшін себеп болады.

Тұрақты түрде қан тапсыратын донорлардың өз денсаулығын нығайтуға да ықпал ететіні дәлелденген. Олар суық тиюмен сирек ауырады, жүрек-қантамыр ауруларынан қайтыс болу қаупі де төмен. Қанды тегін тапсыру туралы шешіміңіз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін!