«Соколов арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері «АЛЖИР» мұражайында
18 тамызда Балалар жылы аясында және «Армандар орындалатын жер» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жазды саламыз» акциясы шеңберінде «Соколов арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне келді.
18 тамызда Балалар жылы аясында және «Армандар орындалатын жер» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жазды саламыз» акциясы шеңберінде «Соколов арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне келді. Оларға мұражайдың «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия өткізіліп, «АЛЖИР-дің қатал аязы» деректі фильмі көрсетілді. Экскурсия соңында «Армандар орындалатын жер» қоғамдық қоры мұражай ұжымына қайырымдылық көмек көрсеткені үшін алғыс хат табыс етті.