Түрік және қырғыз мәдениет қайраткерлерінің «АЛЖИР» мемориалдық кешеніне сапары
10 сәуірде «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне Түркияның Анталья қаласынан филология ғылымдарының докторы (PhD), жазушы, аудармашы Ашур Оздемир, «Kam-Us Yayinlari» баспасының жетекшісі, жазушы, өнер академигі Айдемир Гюльтегин (Стамбул...), Қырғызстаннан ақын, журналист Елдар Атдокров, сондай-ақ қазақ ақындары Ерғожа Тілепбердиев, Гүлисхан Домалайқызы және Сәуле Шатенова келді. Қонақтарға «Алаш» және «АЛЖИР» залдарын аралату экскурсиясы өтті, сондай-ақ «АЛЖИРдің қаһарлы аязы» деректі фильмі көрсетілді.