Мазмұнға өту

27.05.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

Ұрпақтар есінде

2022 жылғы 27 мамырда «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің «Алаш» залында «Ұрпақтар есінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

2022 жылғы 27 мамырда «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің «Алаш» залында саяси қуғын-сүргіннің жаппай басталуының 85 жылдығына және «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің ашылғанына 15 жыл толуына арналған «Ұрпақтар есінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция қатысушылары – Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден келген қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, саяси қуғын-сүргін тарихы тақырыбын зерттеуші тарихшылар, ғалымдар мен зерттеушілер, шығармашыл зиялы қауым, мұражай қызметкерлері.

Жоба аясында қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары Еске алу қабырғасына гүл себетін қойды және олардың қатысуымен «Алаш» саябағында ағаштар отырғызылды. Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды.