Тарихтың қатал сабақтары
Бүгін «АЛЖИР» мұражайының зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Майлибаева Сая Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «ЕЦ-166/10» мекемесінде көрмені таныстырып, оны дәріс о...
Бүгін «АЛЖИР» мұражайының зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Майлибаева Сая Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «ЕЦ-166/10» мекемесінде көрмені таныстырып, оны «Тарихтың қатал сабақтары» тақырыбындағы дәріспен үйлестірді. Мақсаты – ХХ ғасырдың 30–50-жылдарындағы қасіретті күндер мен оқиғалардың есте қалуын сақтау, тоталитарлық режимнің кінәсіз құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, жас ұрпақта отансүйгіштік сезім мен адамгершілікті тәрбиелеу, мұражай қызметін насихаттау болып табылатын көрмеде «АЛЖИР» тұтқын әйелдерінің фотосуреттері мен архивтік құжаттары ұсынылды.