Бүгін - Сәкен Сейфуллиннің атылған күні
25 ақпанда қуғын-сүргіннің құпия бөлмелерінде ақын, жазушы, Алаш партиясының құрметті мүшесі Сәкен Сейфуллин атылды.
25 ақпанда қуғын-сүргіннің құпия бөлмелерінде ақын, жазушы, Алаш партиясының құрметті мүшесі Сәкен Сейфуллин атылды. Сол қасіретті оқиғаға бүгін 84 жыл толды. Қызыл үкімет қазақ халқының зиялы қауымын жаппай жойды. Көп қан төгілген сол қасіретті күндер есте мәңгі қалды. Өз ұлты үшін құрбан болған қаһарман батырларды жыл сайын еске алу дәстүрге айналды. Айтулы күнге орай Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жиналғандар ақынның рухына тағзым етті.
С. Сейфуллин мұражайында өткен жыл сайынғы іс-шараға танымал сәкентанушылар мен қоғам қайраткерлері шақырылды. Алғашқы сөзді мұражай басшысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы алды. Ол сол кездегі қазақ қайраткерлерінің жазықсыз атылғанын, бұл қазақ ұлты үшін өтелмейтін қасірет екенін атап өтті.
Әрі қарай сөз алған ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай Сәкеннің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі, Алаш қайраткерінің рухына арналған өлеңдерін оқыды. Сәкеннің ақындығы мен азаматтығын атап өте отырып, қазақ халқының «қырғыз» деген атаудан арылуына Сәкеннің еңбегі сіңгенін айтты.
Іс-шараға Сәкен Сейфуллиннің қарындасы Асылгүл Әбіш те қатысты. Ол Сәкеннің шығармашылығы мен өмірі қазақ жастарына үлгі екенін атап өтті.
Қарағанды облысы Ахмет Нұрин ауданы Ақмет ауылындағы С. Сейфуллин атындағы мектептің директоры Атымтай Балабиев те Сәкеннің білім беру саласына қосқан үлесі, ашқан мектептері туралы толық ақпарат бөлісті. Қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов бастаған «Сәкен қорының» өкілдері де гүл қою рәсіміне қатысты. Сондай-ақ іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласындағы №80 мектептің оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысты.