«Тәуелсіздік жаршысы»
2022 жылғы 4 мамырда «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне «Азаттық ұраншысы.
2022 жылғы 4 мамырда «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне Ахмед Жавадтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Азаттық ұраншысы. Тәуелсіздік жаршысы» іс-шарасының қатысушылары келді. Іс-шараның қонақтары – Халықаралық түркі академиясының қызметкерлері, көрнекті тарихшылар, ғалымдар, Әзербайжан елшілігінің Қазақстандағы өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері Еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды, «АЛЖИР»-дің әзербайжандық тұтқын әйелдерінің есіне арналған көрмемен және Ахмед Жавад туралы деректі фильммен танысты. Қонақтарға «Алаш» және «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.