Мазмұнға өту

01.06.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

«Менің атым Қожа» ескерткішінің ашылуы

1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жетісу» саябағында Балалар жылы аясында астанада 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша түсірген фильмнің басты кейіпкеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті...

1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жетісу» саябағында Балалар жылы аясында астанада 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша түсірген фильмнің басты кейіпкеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Идея авторы – Қожамқұлов Мұрат Әкімханұлы, мүсінші – Талапхан Азамат.

«Менің атым Қожа» – 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің ең үздік туындыларының бірі болып табылатын повесть. Авторы – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев. Повесть орыс, украин, француз, литва, латыш және өзбек тілдеріне аударылған.

Ашылу рәсіміне «Хабар» агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Берік Уәли, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Жәкенов Берік Оралұлы, Қожа рөлін ойнаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Санжар Нұрлан Санжарұлы және қоғамның басқа да өкілдері қатысты.