Ұлы есімдер ұмытылмайды
2021 жылғы желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында Сәкен Сейфуллин бөлмесі ашылды
2021 жылғы желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында Сәкен Сейфуллин бөлмесі ашылды. Мұнда ашық сабақтар, кездесулер, айтулы мерекелерге арналған кештер өткізіледі.
Бөлмені ашу рәсіміне Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, астана Біріктірілген мұражайлар дирекциясының «Сәкен Сейфуллин мұражайы» құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ақын Несіпбек Айтұлы, С. Сейфуллиннің әпкесі Асылгүл Әбіш, мұражай қызметкері Қабиден Қуанышбай қатысты. Несіпбек Айтұлы мен Асылгүл Әбіш бөлменің ашылу лентасын қиып, ізгі тілектерін білдірді.