Мазмұнға өту

20.04.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

"Ұлт ұстазы"

Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы МКҚК «АЛЖИР» мұражайында қазақ қоғам және саясат қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түрколог, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт ұстазы» іс-шарасы өтті...

Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы МКҚК «АЛЖИР» мұражайында қазақ қоғам және саясат қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түрколог, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт ұстазы» іс-шарасы өтті. Іс-шара «Малиновка» іздестіру клубымен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Ақмол ауылының жалпы білім беретін мектебінің 5, 6, 7, 9 сынып оқушылары - «Малиновка» іздестіру клубының мүшелері Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ слайдтар сүйемелдеуімен «Ұлт ұстазы Ахмет» көрмесі ұйымдастырылды. Кездесу соңында мұғалімдер мен оқушыларға алғыс хаттар табыс етілді.