Мазмұнға өту

09.06.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

Нұр-Сұлтан қаласының 25 жылдығына арналған «ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА» республикалық өлең байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі және әдеби-музыкалық кеш

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Нұр-Сұлтан қаласының 25 жылдығына арналған «ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА» республикалық өлең байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі және әдеби-музыкалық кеш 2022 жылғы 9 маусым Нұр-Сұлтан қаласы Өтетін күні: 2022 жылғы 1 шілде Өтетін орны:...

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нұр-Сұлтан қаласының 25 жылдығына арналған «ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА» республикалық өлең байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі және әдеби-музыкалық кеш

2022 жылғы 9 маусым Нұр-Сұлтан қаласы

Өтетін күні: 2022 жылғы 1 шілде

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Жастар сарайы», Республика даңғылы, 34-үй.

Мақсаты: Елорданың 25 жылдығына арналған республикалық байқауда жүлделі орындарға ие болған ақындардың шығармаларын көпшіліктің назарына ұсыну. 25 жылдық тарихы бар елорданың жетістіктерін жас ұрпақ арасында насихаттау.

Ұйымдастырушы: «Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» МКҚК. Тәуелсіздік тірегі, Отанымыздың жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласына 25 жыл! Бұл – ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған үлкен қуаныш. Нұр-Сұлтан қаласының 25 жылдығына арналған «ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА» республикалық поэзиялық байқауы аяқталды. 1 шілдеде әдеби-музыкалық кеш пен поэзиялық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, оған республиканың барлық өңірінен келген 60 ақын қатысты.

Салтанатты шараға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер жұлдыздары қатысады. Кеште республикалық байқаудың жүлдегері атанған 12 лауреат өз өлеңдерін оқиды.

Сіздерді әдеби-музыкалық кештің куәгері болуға шақырамыз!

Басталуы: 15.00

Кіру: тегін

Қамту: 250 адам