Астананың үздік сабақтар жинағы
Нұр-Сұлтан қ. «Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» МКҚК жанындағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені «Киелі Атамекенім» тақырыбында «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауын өткізді. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Елорданың үздік сабақтарының жинағы
Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы МКҚК жанындағы «Қазақстан картасы «Атамекен»» этно-мемориалдық кешені «Киелі Атамекенім» тақырыбында «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауын өткізді. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты - мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін арттыру, шығармашыл педагогтерді анықтау және қолдау, жас ұрпақта патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Мәдениет басқармасының қолдауымен өтетін іс-шараға мұғалімдердің қызығушылығы жыл сайын артып келеді. 10 жылдан астам уақыт өткізіліп келе жатқан байқауға жыл сайын шамамен 100 мұғалім қатысады.
«Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауының қорытындысын талдап, әр мұғалімнің кәсіби біліктілігін тәжірибеде қолдану мақсатында ұйымдастыру комитеті қатысушы мұғалімдердің жұмыстарын «Елорданың үздік сабақтарының жинағында» жариялауға шешім қабылдады.