Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Nur Otan» партиясының ХХІ съезіндегі сөзін талқылау
2022 жылғы 16 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалының бастапқы партия ұйымының жиналысы өтті
2022 жылғы 16 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалының бастапқы партия ұйымының жиналысы өтті. Жиналыс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті жаңғырту, жаңа Қазақстанды құру бағытындағы саясатын түсіндіру, 2022 жылғы 28 қаңтардағы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде сөйлеген сөзін талқылау, «Nur Otan» партиясының жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды. Кешеннің қызметкері М. Қуралбаева баяндама жасап, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сапасын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес, құқық қорғау жүйесін реформалау сияқты басым бағыттар бойынша түсіндірме жүргізіп, осы міндеттердің барлығын бөлек атап өтті.