Мазмұнға өту

25.07.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

Канададан келген туристерге экскурсия

Отырар көшесі ½ мекенжайындағы бұрынғы мұсылман мектебінің ғимараты сәулет ескерткіші болып табылады және ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы ағаш сәулет өнерінің өзіндік үлгілерінің бірі саналатын құрылыс.

1982 жылы ғимарат республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды.

Бүгінде бұл ғимаратта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» МКҚК жанындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығы орналасқан.

2022 жылғы 25 шілдеде Орталық қызметкері М.А. Исаева Канададан келген туристерге «Бұрынғы мұсылман мектебі» экскурсиясын өткізді.