Ұлттың рухани көшбасшысы
2022 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласы Біріктірілген мұражайлар дирекциясы МКҚК жанындағы Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығының маманы А.С. Жұмабаева Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қала мектептерінің оқушылары арасында өткізді...
2022 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласы Біріктірілген мұражайлар дирекциясы МКҚК жанындағы Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығының маманы А.С. Жұмабаева Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қала мектептерінің оқушылары арасында оқырмандар байқауын өткізді. Байқауға №3 мектеп-гимназиясының, Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының, С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының және А. Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің 5–10 сынып оқушылары қатысты. Байқауға барлығы 48 оқушы қатысты. Жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.