Алашқа ортақ тұлға
21 қарашада «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Малиновка» іздестіру клубымен бірлесіп «Алашқа ортақ тұлға» іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам...
21 қарашада «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Малиновка» іздестіру клубымен бірлесіп этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әкселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына арналған «Алашқа ортақ тұлға» іс-шарасын ұйымдастырды. Кіріспе сөзбен мұражай директорының орынбасары Самат Ильясұлы Тергембаев сөз сөйлеп, ғалымның шығармашылығына арналған кітап көрмесін ашты.
Сәкен Сейфуллин мұражайы директорының орынбасары, ақын, жазушы Несіпбек Айт мектеп оқушыларына Әкселеу Сейдімбектің шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, этнограф Серік Оспанов Несіпбек Айттың сөзіне және Әкселеу Сейдімбектің әніне жазылған «Сарыарқа» және «Дәурен-ай» әндерін орындады.
«Малиновка» іздестіру клубының мүшелері – Ақмол ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 10 «ә» сынып оқушылары Арыстанбек Жұлдыз, Қайролла Жанель, Советбек Жанай, Баймұрат Ерасыл және Төлеуова Айғаным ғалымның нақыл сөздерін оқыды.
Сондай-ақ іс-шараға Целиноград аудандық мәдениет үйінің солистері қатысты. Еркебұлан Қасымов Әкселеу Сейдімбектің «Алтын асық» әнін, Жалғас Сұлтан, Жеменей Бораш және Жақсыкелді Маясаров домбырамен халық әндерін орындады.