Ақбота Санқыбай
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында көпшілік біле бермейтін ерекше жер бар.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында көпшілік біле бермейтін ерекше жер бар. Бұл – Ақбота Санқыбай төбесі. Жем өзені – табиғаттың таңғажайып ескерткіші. Көлемі ерекше үлкен болмаса да, құпиялылығымен, қатпарлы жотасымен, ертегідей пішіндерімен, өсімдіксіз тауымен баурайды. Ақбота-Санқыбай төбесі теңіз деңгейінен 200 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 10 гектарды алып жатыр. Төбе табиғаттың өзі салған әдемі суретке ұқсайды. Көз алдыңызға кең етекті көйлек киген сұлу әйел келеді. Бүгінде Ақбота-Санқыбай төбесі бүкіл әлемнің геологтары арасында «Шахмат ханшасы» атымен танымал.