Мазмұнға өту

04.06.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет белгіленді. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттілік негіздерінің қозғалмас бөлігі.

1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет белгіленді. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттілік негіздерінің қозғалмас бөлігі. ҚР Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы «ҚР Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына және 1998 жылғы 20 қаңтардағы «ҚР кәсіптік және өзге де мерекелері туралы» Жарлығына сәйкес республикада 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.

Еліміздің барлық азаматтарын осы мәнді мерекемен жүректен құттықтаймыз!