31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
2022 жылғы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің аумағында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихатынан, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан...
2022 жылғы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің аумағында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихатынан, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан, Ақмола облысының әкімдігінен, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтары мен Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық өкілдерінің атынан Еске алу қабырғасына гүл қою рәсімі өтті. Рәсім барысында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Еске алу қабырғасының жанында қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары сөз сөйледі: «АЛЖИР» тұтқыны Клавдия Васильевна Августиннің шөбересі Ольга Юрьевна Гротова, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған ҚАКСР әділет халық комиссары және прокуроры, ҚазКСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Жанайдар Сәдуақасовтың немересі Перизат Құрманқызы Сәдуақас және т.б. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың рухына арнап дұға оқылды.