Мазмұнға өту

27.03.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

24 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні

Поэзия — қасиетті ұғым.

Поэзия — қасиетті ұғым. Поэзия — сезімдер әлемі. Тек ақындар ғана бұл әлемнің қақпасынан еркін кіреді және оның гүлдеп, дамуы үшін барын салады.

1999 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 30-шы сессиясында Дүниежүзілік поэзия күнін 21 наурызда атап өту туралы шешім қабылданды. Дүниежүзілік поэзия күні алғаш рет ЮНЕСКО-ның бас штаб-пәтері орналасқан Парижде атап өтілді.

Бұл — жойылып бара жатқан тілдерді қолдау күні, тілдік әралуандылықты дәріптейтін, ауызша шығармашылық пен поэзияны бүкіл әлемдегі бірлестіктер арасында және олардың ішінде таратушы күн. Бұл — ұлттық, өңірлік және халықаралық поэтикалық қозғалыстарды мойындау уақыты.