24 қаңтар – Халықаралық білім күні
2018 жылғы 3 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бейбітшілік пен дамуды ілгерілетудегі білімнің маңызды рөлін мойындап, 24 қаңтарды Халықаралық білім күні деп жариялады.
2018 жылғы 3 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бейбітшілік пен дамуды ілгерілетудегі білім берудің маңызды рөлін мойындап, 24 қаңтарды Халықаралық білім күні деп жариялады.
Білім беру — адам құқығы, қоғамдық игілік және қоғамдық жауапкершілік. Білім — адамзат мәдениетінің ең кең ұғымдарының бірі. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, шындық, ақыл, ғылым және т.б. күрделі әрі терең ұғымдармен тығыз байланысты және солармен айқындалады. Білім беру философия мен ұтымды білім пайда болғанға дейін әлдеқашан дүниеге келген. Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы әрқашан жоғары. Адамдар бір орында тұрмайды, жылдан жылға түрлі технологиялар ойлап табылып, жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп, білім сапасы артып келеді. Білімді ұрпақ — салауатты болашақтың кепілі.