Мазмұнға өту

20.02.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

20 ақпан – ғалым-философ Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл

Қожа Ахмет Яссауи (1093–1166) — ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, ұлы ойшыл, діни қайраткер, күншығыстағы бүкіл мұсылмандардың рухани ұстазы болған тұлға.

Қожа Ахмет Яссауи (1093–1166) — ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, ұлы ойшыл, діни қайраткер, күншығыстағы бүкіл мұсылмандардың рухани ұстазы болған тұлға. Ақынның туған жері қазіргі Түркістан қаласында орналасқан.

Оның бүгінгі күнге жеткен көлемді шығармасы «Диуани хикмет» (даналық кітабы) көне түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған. Бізге тек XV–XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана жеткен. Қожа Ахмет Яссауи түркі тілінде ауызекі және бейнелі поэма жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінде көркем шығармалар жасауға болатынын дәлелдеді.