Мазмұнға өту

02.04.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм туралы хабардарлықты арттыру күні

Дүниежүзілік аутизм туралы хабардарлықты арттыру күнін 2008 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының басшылығы атап өтіп келеді.

Дүниежүзілік аутизм туралы хабардарлықты арттыру күнін 2008 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының басшылығы атап өтіп келеді. Бас Ассамблеяның қарарында ең алдымен балалардағы аутизм мәселесіне назар аударылады.

Осы күні бүкіл әлемде белгілі ғимараттар мен ескерткіштер аутизмнің халықаралық символы саналатын көк түспен жарықтандырылады, қоғамның аутизм мәселелеріне назарын аудартуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкерлері аутизмі бар адамдарды қолдау белгісі ретінде көк түсті киім киді.