Мазмұнға өту

15.08.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

15 тамыз – Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 93 жыл

Шәмші Қалдаяқов – қазақ әнінің әлеміне алтын әріппен жазылған тұлға.

Шәмші Қалдаяқов – қазақ әнінің әлеміне алтын әріппен жазылған тұлға. Композитордың мұрасы бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Жарқын мысал – елдің мемлекеттік әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні. Елге, жерге, ата-анаға, достарға деген сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы Шәмші музыкасы әрбір қазаққа жақын.

Қазақ әнінің әлемінде ерекше орын алатын 300-ге жуық ән жазған ол фортепиано мен домбыраны еркін ойнап, нағыз қазақ музыкасын жасады. Ол өз елінің жұлдызына айналды.

Бүгінде Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын жасы мен кәрісі тыңдайды. Оның туындыларын қазақ халқы мәңгі есте қалдырды.