Мазмұнға өту

13.03.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

13 наурыз — КСРО халық әртісі, композитор Мұқан Төлебаевтың туғанына 110 жыл.

Мұқан Төлебаев (1913 жылғы 13 наурыз, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Қарашаған шатқалы — 1960 жылғы 2 сәуір, Алматы) — көрнекті қазақ композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бұрынғы ҚР Әнұранының авторларының бірі...

Мұқан Төлебаев (1913 жылғы 13 наурыз, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Қарашаған шатқалы — 1960 жылғы 2 сәуір, Алматы) — көрнекті қазақ композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бұрынғы ҚР Әнұранының авторларының бірі. Қысқа ғұмырында М. Төлебаев жүзден астам музыкалық шығарма жазып үлгерді. Олардың ішінде опералық, кантата-ораториялық және ән-романстық шығармаларға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, «Біржан — Сара» операсы — оның композиторлық таланты шыңының ғана емес, XX ғасырдағы қазақ музыкалық мәдениетінің ең көрнекті туындыларының бірі.