Мазмұнға өту

Медиа

Дирекцияның елорданың мұражайлары, оқиғалары, көрмелері және мәдени жобалары туралы фото, бейне және жарияланымдары.

19 қыр 2025 Фото

Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған кеш

Сәкен Сейфуллин мұражайында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Поэзия әлемінің мақтанышы» атанған Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған танымдық кеш өтті. Ақынның шәкірттері естеліктерімен бөлісті, оның өлеңдерін оқыды, шығармаларына жазылған әндер орындалды.

09 шіл 2025 Бейне

«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Еске алу және құрметтеу» тақырыбында кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде Германиядан келген саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарының қатысуымен «Еске алу және құрметтеу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары туралы естеліктерімен Лотта Райсстың ұлы, 1946 жылы Қарлагта дүниеге келген Конрад Райсс, ғалым әрі қуғын-сүргін тақырыбының зерттеушісі Владислав Хеделер, Астанада тұратын «АЛЖИР» тұтқыны Шәкітай Татимованың немересі Сырым Ғаббасов, тұтқын Мағрифа Қазбекованың немересі Зәуре Оспанова, сондай-ақ Евгения Цой-Опеньконың қызы Надежда Хван бөлісті...

25 мау 2025 Бейне

Сәкен Сейфуллин мұражайында «Өнегелі өмір» кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, педагог, ақын Оспан Сүлейменұлымен «Өнегелі өмір» атты мазмұнды кездесу өтті. Ол 20 жыл бойы «Сырсандық» ақындар клубын басқарған. Іс-шараға елімізге танымал ақындар мен жазушылар, қоғам...

16 мам 2025 Бейне

Сәкен Сейфуллин мұражайында Халықаралық мұражайлар күніне орай ерекше форматта кеш өтті.

16 мамырда Сәкен Сейфуллин мұражайында «МУЗЕЙ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» атты Ашық есік күні өтті! Халықаралық мұражайлар күніне орай ерекше форматта мәдени кеш ұйымдастырылды. Келушілер ақынның өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ танысып, сондай-ақ мұражай қорындағы құнды...

01 мам 2025 Бейне

«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Ән аға – Шәмші аға» музыкалық іс-шарасы өтті

2025 жылғы 28 сәуірде «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде Целиноград ауданының Мәдениет үйімен бірлесіп Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән аға – Шәмші аға» музыкалық іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында Целиноград аудандық Мәдениет үйінің әртістері Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындады.

26 ақп 2025 Бейне

Сәкен рухына тағзым

25 ақпан – қазақ халқының көрнекті тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің қайтыс болған күні. «Сәкен рухына тағзым» атты еске алу іс-шарасында ұрпақтары мен сәкентанушылар қазақ ақыны, жазушысы, талантты драматург, мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктерін айтты...

20 ақп 2025 Бейне

Сақ болыңыз!

Сақ болыңыз!

14 қар 2024 Бейне

«Сәкен оқулары» байқауы

12 қарашада дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Астана дарыны», С. Сейфуллин мұражайы және С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған дәстүрлі өңірлік «Сәкен оқулары» байқауы өтті...

05 қар 2024 Бейне

Мәжит Сейфуллиннің қызы София Сейфуллинаның естелігінен

Мәжит Сейфуллиннің қызы София Сейфуллинаның естеліктері – Сәкен Сейфуллиннің інісі Мәжит Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай 2020 жылы шыққан «Мәжит Сейфуллин» кітабынан.