24.07.2024
Сәкен Сейфуллин мұражайында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Поэзия әлемінің мақтанышы» атанған Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған танымдық кеш өтті. Ақынның шәкірттері естеліктерімен бөлісті, оның өлеңдерін оқыды, шығармаларына жазылған әндер орындалды.
2025 жылғы 8 шілдеде «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде Германиядан келген саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарының қатысуымен «Еске алу және құрметтеу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары туралы естеліктерімен Лотта Райсстың ұлы, 1946 жылы Қарлагта дүниеге келген Конрад Райсс, ғалым әрі қуғын-сүргін тақырыбының зерттеушісі Владислав Хеделер, Астанада тұратын «АЛЖИР» тұтқыны Шәкітай Татимованың немересі Сырым Ғаббасов, тұтқын Мағрифа Қазбекованың немересі Зәуре Оспанова, сондай-ақ Евгения Цой-Опеньконың қызы Надежда Хван бөлісті...
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, педагог, ақын Оспан Сүлейменұлымен «Өнегелі өмір» атты мазмұнды кездесу өтті. Ол 20 жыл бойы «Сырсандық» ақындар клубын басқарған. Іс-шараға елімізге танымал ақындар мен жазушылар, қоғам...