13 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» қызметкерлеріне «Ұлттық өнер музейі» бөлімінің алдын ала таныстырылымы өтті. Жуық арада ашылатын жаңа мәдени кеңістік ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға бағытталған. Ресми ашылудан кейін қала тұрғындары мен қонақтарын асыға күтетін боламыз!
