16 мамыр күні Сәкен Сейфуллин музейінде «МУЗЕЙ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» атты Ашық есік күні өтті!
Халықаралық музей күніне орай Сәкен Сейфуллин музейінде ерекше форматтағы кеш ұйымдастырылды. Келушілер ақынның өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ танысып, қордағы құнды жәдігерлерді тамашалады. Танымдық экскурсиялар мен мазмұнды әңгімелер кештің маңызын арттыра түсті. Мәдени кешке келген барлық қонақтарға алғысымызды білдіреміз!