2025 жылғы 15 қазан күні Сәкен Сейфуллин музейінде «Сәкен аты өшпейді» атты еске алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара С. Сейфуллиннің туған күніне орай ұйымдастырылып, ақынның баға жетпес мұрасына құрмет көрсетілді. Кездесу барысында оның рухани бейнесі мен ел алдындағы еңбегі тағы да жаңғырып, қатысушылардың жүрегінде терең із қалдырды.