Біз туралы «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды музей кешені
«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды музей кешені

   Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды музей кешені – ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдардағы жаппай репрессия құрбандарына арналған бірегей кешен. 2007 жылғы 31 мамырда Ақмола облысы, Целиноград ауданының Ақмол ауылында бұрынғы «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінің орнында тарихтың өткен жылдарындағы бірегей ескерткіші саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды музей кешені ашылды. Музей 1997 жылғы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күні – 31 мамырды белгілеу туралы» Жарлығының қабылдағанына 10 жыл және жаппай қуғын-сүргіннің басталғанына 70 жыл толуына орай ашылды.

   Музей кешені «Сталиндік вагоннан», «Қасірет қақпасы» монументінен,  тікенек сымды лагер қоршауы мен күзет мұнарасынан, «Түңілу мен әлсіздік» және «Күрес пен үміт» мүсіндік екі композициядан, «Көз жасы» стеласынан, тұтқын әйелдер тұрған барактан, Алаш бағынан, Зерде қабырғасынан, Ескерткіш белгілерден және мұражай ғимаратынан тұрады.

   Музей экспозициялары екі қабатқа қойылған. Астыңғы қабаттағы «Алаш» залының экспозициялары Қазақстанның Ресейдің патшалық империясы құрамына кірген Кеңестік кезеңді, 1937 жылдың жаппай қуғын-сүргінін көрсетеді. Олар тарих беттері –  мұрағаттық құжаттар, фото-бейне материалдар, жауап-алудың хаттамасы, ату жазасына кескен бұйрықтар, қуғын-сүргінге ұшырағандардың жеке істерінен сыр шертеді.

   Бірінші қабаттағы «АЛЖИР тұтқындары» деп аталатын экспозициялық-көрме залы «Отанын сатқандар» ақмолалық лагерінің тарихына, кінәсіз тұтқында отырған әйелдерге арналады. Мұнда олардың отбасылық фотосуреттері, жеке заттары, «АЛЖИР» лагерінің тұтқындары қолдарымен жасаған заттар қойылған.

 

  ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

9:00-18:00 ДЕЙІН

(КАССА 9:00-17:00 ДЕЙІН)

демалыс күні – дүйсенбі

 

БАҒАНАМА

Бағанаманы жүктеп алыңыз

Байланыс
Тел:
+77775334855
Мекен-жайы:
Ақмола облысы, Ақмол, Линейная кошесі, строение 2 Б
График работы:
СС-ЖС 09:00-18:00, дүйсенбі демалыс
Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім